
Орталық туралы
«Шабыт» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы — ұлттық құндылықтарға негізделген, инклюзивті және қауіпсіз шығармашылық ортада білім алушылардың шығармашылық әлеуетін, зерттеушілік, цифрлық және әлеуметтік құзыреттерін дамыту арқылы өзін-өзі жүзеге асыра алатын, жауапты әрі бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.
Басқару
Орталықты директор басқарады, ол ұйымның қызметін жалпы басқарады. Орталықтың құрылымы бөлімдерді қамтиды, олардың әрқайсысы белгілі бір жұмыс бағытына жауап береді.
Миссиясы
Әр баланың бойындағы қабілет пен шығармашылық әлеуетті ашу, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, білімді, ізденімпаз, жауапты, бәсекеге қабілетті және адал азамат болып қалыптасуына жағдай жасау.
Мақсаты
Білім алушылардың жеке қабілеті мен қызығушылығын ескере отырып, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген инклюзивті, қауіпсіз әрі заманауи шығармашылық білім беру ортасын қалыптастыру; үйірме жұмыстары арқылы олардың шығармашылық, зерттеушілік, цифрлық, коммуникативтік және әлеуметтік құзыреттерін жүйелі дамыту, жобалық және практикалық қызметке тарту, кәсіби бағдарын айқындауға жағдай жасау және өзін-өзі жүзеге асыра алатын, жауапты, белсенді тұлға қалыптастыру.
Алға қойылған міндеттер
Инклюзивті ортаны жетілдіру
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды үйірме жұмыстарына тарту және олардың қатысуына қолайлы жағдай жасау.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу
Әр үйірме бойынша ұлттық тәрбиеге бағытталған кемінде бір шығармашылық немесе тәрбиелік жобаны жүзеге асыру.
Жобалық қызметті жүйелеу
Білім алушылардың шығармашылық, зерттеу және әлеуметтік бағыттар бойынша жобаларын әзірлеп, жыл соңына дейін нәтижесін ұсыну.
Кәсіптік бағдарды күшейту
Үйірме бағыттарына сәйкес мамандықтармен таныстыру, шеберлік сабақтары мен кәсіп иелерімен кездесулер ұйымдастыру.
Цифрлық және ЖИ құзыреттерін дамыту
Педагогтер мен білім алушылардың жас ерекшелігіне сай цифрлық құралдар мен жасанды интеллектті шығармашылық және оқу мақсатында тиімді қолдануын қалыптастыру.
Педагогтердің кәсіби дамуын қамтамасыз ету
Педагогтердің біліктілікті арттыру курстарына қатысуын, тәжірибе алмасуын және кемінде бір озық тәжірибесін таратуын ұйымдастыру.
Іс-әрекетті зерттеуді енгізу
Педагогтерге оқу-тәрбие үдерісіндегі бір өзекті мәселені зерттеп, нәтижесін тәжірибеге енгізуге мүмкіндік беру.
Білім алушылардың шығармашылық нәтижесін көрсету
Үйірме жұмыстарының нәтижелерін көрме, концерт, фестиваль, байқау, жарыс және шығармашылық есеп түрінде жүйелі түрде ұсыну.
Қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету
Барлық үйірмелерде қауіпсіздік талаптарының сақталуын тұрақты бақылау және балаларға қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Ата-анамен байланысты күшейту
Білім алушының жетістігі мен шығармашылық дамуы бойынша ата-аналармен кері байланысты жүйелеу және бірлескен іс-шаралар өткізу.
Дарынды балаларды анықтау және қолдау
Қабілетті білім алушыларды анықтап, оларды байқауларға, фестивальдерге, жарыстарға және жобаларға қатыстыру.
Нәтижені бағалау және мониторинг жүргізу
Үйірмелердің қатысу көрсеткішін, білім алушылардың жетістіктерін және шығармашылық нәтижелерін оқу жылы бойы талдап отыру.